Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жаңа Конституцияны қабылдау бойынша өз таңдауын жасады. Аймақ басшысы ел болашағын айқындайтын маңызды науқанға әр азамат өз құқығын пайдаланып әр азамат өз құқығын пайдаланып үн қосуы маңызды екенін айтты. Сонымен қатар, бүгінгі референдумның жылдың басы, ізгіліктің жаршысы – Наурыз мерекесі қарсаңында өтіп жатқанын жақсылықтың нышаны деп есептейтінін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ертеңге деген сенім бүгіннен басталады. Өңір тұрғындары елде болып жатқан оң өзгерістерге әрдайым үн қосып келеді. Тобыл-Торғай жұртшылығы – озық ойлы, саяси сауаты жоғары, еңбекқор халық. Бүгін де олар азаматтық белсенділік танытып, мемлекет болашағы үшін өз таңдауын жасап жатыр. Бұл – жоғары азаматтық ұстанымның белгісі, демократиялық даму жолына түскен елімізге деген құрметтің айқын көрінісі», деді Құмар Ақсақалов.
ІІМ: Референдум кезінде елдегі жағдай полицияның толық бақылауына алынған
Аймақ басшысы өңірдегі референдум учаскелерінде дауыс беру тәртібі заң шеңберінде ұйымдастырылып жатқанын айтты.
Республика бойынша 4,6 млн-нан астам адам дауыс берді
Қостанай облысы