• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теннис Бүгін, 10:12

Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды

10 рет
көрсетілді

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық разрядтар бойынша жаңартылған рейтинг тізімін жариялады. Рейтингте отандасымыз Елена Рыбакина екінші орынға көтерілді, деп жазады Egemen.kz.

Жекелей разряд бойынша Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен WTA 1000 санатындағы беделді турнирдің финалына дейін жетіп, рейтингте рекордтық екінші орынға көтерілді. Бұған дейін ол бір саты төмен тұрған. Бұл – теннисшінің мансабындағы ең үздік нәтиже ғана емес, сонымен қатар Қазақстан өкілдері үшін жалпы рейтингтегі ең жоғары көрсеткіш.

Әлемдік рейтингтің көшбасшысы болып беларусьтік Арина Соболенко қалды. Ал үздік үштікті бұрын әлемнің екінші ракеткасы болған польшалық Ига Швёнтек түйіндеді.

Елена Рыбакинаның 20 жетістігі

Бұдан бөлек отандасымыз Юлия Путинцева 76-орыннан 75-орынға көтерілді. Зарина Дияс 16 позицияға төмендеп, 312-орынға түсті. Ал Жібек Құламбаева да өз көрсеткішін 31 сатыға нашарлатып, қазір 419-орында тұр.

Жұптық разряд бойынша еліміздің жұптық сындағы ең үздік теннисшісі Анна Данилина жетінші орыннан төртінші орынға көтерілді.

Бірінші орынды бельгиялық Элизе Мертенс сақтап қалды. Ал чехиялық Катерина Синякова екінші орынға көтеріліп, канадалық Габриэла Дабровскиді үшінші орынға ығыстырды.

Соңғы жаңалықтар