• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Екі облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды

10 рет
көрсетілді

Ауа райының нашарлауына байланысты Қостанай және Ақтөбе облысындағы бірқатар республикалық маңызы бар тасжол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

Қостанай және Ақтөбе облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір республикалық маңызы бар тасжол учаскелерінде қозғалыс шектелді. 

Қостанай облысы:

Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы автожолы, 555–682 шақырым, Тобыл қаласынан Сарыкөл кентіне дейін – жүк және қоғамдық көліктер үшін.

Жолды ашудың болжамды уақыты – 17 наурыз сағат 09:00.

Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолы, 8–218 шақырым, Тобыл қаласынан Октябрьское кентіне дейін – барлық көлік түрлері үшін.

Жолды ашудың болжамды уақыты – 17 наурыз сағат 09:00.

Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ автожолы, 234–320 шақырым, Ақтөбе облысының шекарасынан Бестөбе кентіне дейін – барлық көлік түрлері үшін.

Қозғалысты ашудың болжамды уақыты – 17 наурыз сағат 09:00.

Ақтөбе облысы:

Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ автожолы, 5–234 шақырым, Қарабұтақ кентінен Қостанай облысының шекарасына дейін – жүк және қоғамдық көліктер үшін.

Жолды ашудың болжамды уақыты – 17 наурыз сағат 09:00.

 Жаңбыр және тұман: 17 наурызда елімізде ауа райы қандай болады?
Соңғы жаңалықтар