Алматыда өткен Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы екінші турындағы орталық матчта «Қайрат» «Ақтөбе» командасын өз алаңында 1:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Vesti.kz хабарлағандай, шешуші сәтті 64-минутта алаңға шыққан Дастан Сатпаев жасады.
Бұл жеңістен кейін «Қайрат» алты ұпай жинап, КПЛ-2026 турнир кестесінде көшбасшыға айналды.
Келесі турда алматылықтар 21 наурызда Алматыда «Жетісу» командасын қабылдайды, ал «Ақтөбе» үш ұпаймен «Елімай» командасына қарсы ойнайды.