• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Digital Бүгін, 08:15

Цифрлық кітапхана: 64 тілде 85 мың құжат сақталған

10 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасын пайдаланушылар саны 227 446 оқырманға жетті. Авторлардың рұқсатымен жүктелген құжаттар саны 329 485 болса, жалпы материалдар 1 408 540 рет қаралған.

Ұлттық электронды кітапхананы әлемнің әртүрлі елдеріндегі пайдаланушылар да қолда­нады. Олардың қатарында Қытай, Ресей, АҚШ, Вьетнам, Өзбекстан, Түркия, Нидерланд, Франция, Қырғызстан мемлекеттерінен тіркелген оқырман бар.

Кітапхана қорында 64 тілдегі 84 664 құжат сақталған. Оның ішінде түрлі бағыттағы кітаптар, ғылыми мақалалар, газет-журналдар, диссертациялар, ноталар, аудио-бейне материалдар мен архивтік құжаттар бар.

Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасы – қазақстандық мазмұндағы кең көлемді ақпарат ұсынатын тұңғыш мемлекеттік кітапхана порталы. Портал­дың ерекшелігі – көру қабілеті бұзылған жандарға бейімделіп жасалуында болып отыр. Сондай-ақ кез келген пайдаланушы порталға тіркелмей-ақ толық мәтінді құжаттармен таныса алады.

Соңғы жаңалықтар