2025 жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркеліп, жалпы некелесу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 5,69 болды. Қалалық жерде некелердің 68,1%-ы (78,9 мың) тіркелсе, ауылдық жерде қиылған некенің көрсеткіші 31,9%-ды (37 мың) құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ең жоғары некелесу көрсеткіштері Астана қаласында – 6,75, Қарағанды – 6,32 және Шығыс Қазақстан – 6,27 облыстарында тіркелсе, ең төмен көрсеткіш Қызылорда облысында – 5,06 болды. Алғаш рет некеге тұрғандардың орташа жасы ерлерде – 27,9 жас, әйелдерде – 25,3 жас болып белгіленді. Ерлер арасында алғаш некеге тұрғандардың үлесі − 77%, әйелдерде – 78% болды, ал ажырасқаннан кейін некеге қайта тұрған ерлердің үлесі − 22%, әйелдерде − 21% болды.
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
2025 жылы неке қию көбіне жаз айларында тіркелген: маусым – 11 848, шілде – 12 955, тамыз – 12 418. Сонымен қатар, былтыр отау құрғандардың 80,4%-ы моноэтностық неке, ал 19,6%-ы ұлтаралық неке болды.
Қазақстанда неке сақиналары 38,2%-ға қымбаттады
Ажырасулардың жалпы саны – 45,7 мың. Оның 34 мыңы (74,4%) қалалық жерде, 11,7 мыңы (25,6%) ауылдық жерде тіркелген. Жылдық ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,24 болды. Ең жоғары коэффициент Павлодар облысында – 3,43, Қарағанды – 3,41, Солтүстік Қазақстан – 3,28, ал ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында – 1,03.
Ажырасулардың ең үлкен үлесі – 1-4 жыл отау құрғандар арасында (35%), 5-9 жыл бірге тұрғандар – 24%, ал үйленгеннен кейін бір жыл ішінде ажырасқандар үлесі – 8%-ды құрады.
Неке жасы неге ұлғайып барады?