• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Наурыз, 2026

Қамшыбек Тәшиев екі бірдей іс бойынша куәгер ретінде жауап беріп жатыр

70 рет
көрсетілді

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиев қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігінің Тергеу қызметінде жауап беріп жатыр. Бұл ақпаратты құзырлы ведомстводағы дереккөздер растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәліметтерге сүйенсек, Қамшыбек Тәшиев екі бірдей қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу амалдарына куәгер ретінде шақырылған. Ол тергеуге адвокатымен бірге келген.

Қырғызстан президенті Камчыбек Тәшиевті қызметінен босатты

Әзірге істің өзге де мән-жайлары жарияланған жоқ. Құқық қорғау органдары ақпарат жарияланған сәтте ресми түсініктеме бермеді.

Қырғызстан президенті Тәшиевті неліктен қызметтен алғанын түсіндірді

Кейін Қырғызстанның бұрынғы жоғары лауазымды тұлғасы Қамшыбек Ташиев өзіне қатысты кадрлық шешімнен кейін үндеу жасап, қызметтен босатылуы «күтпеген жағдай» болғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар