Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғылыми қауымдастық өкілдерімен кездесті. Жиын барысында Президент ғылымды дамыту мен адам капиталының сапасын арттыру ел болашағы үшін шешуші маңызға ие екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Біз Жаңа Конституцияда адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде бекіттік. Енді бәріміз бұл мақсатты міндетті түрде іске асыруымыз керек. Басқа жол жоқ. Бұл – өте күрделі міндет, оны түсінуіміз керек. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін ғылым қауымдастығы кәсіби біліктілік, адалдық және отаншылдық қасиеттерін танытуы қажет. Мен сіздерге үміт артамын», деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы: Ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек
Мемлекет басшысының айтуынша, елдің шынайы жаңаруы саяси ұраннан емес, құқықтық іргетасымызды жаңаша қалыптастырып, бекітуден басталады. «Біз бір ел, бір жұрт болып осы аса маңызды жұмысқа кірістік. Жаңа Конституция елдігіміздің тірегі, егемендігіміздің тұғыры болады. Оның әр бабы, әр тармағы елдігімізді нығайта түседі. Біз Ұлы даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығын сақтауға баса назар аудардық. Бабаларымыз әуел бастан құқықтық мемлекет құруға ерекше мән берген. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз Тәукенің Жеті жарғысы – соның айқын дәлелі. Қуатты, Күшті, Бәсекеге қабілетті Қазақстанның жаңа Жарғысы – жаңа тарихи, геосаяси жағдайдағы бірегей құжат. Оның тарихымыздағы орны ерекше. Бұл – азаматтарымыздың арман-тілегінен, мақсат-мұратынан туған қастерлі құжат, шын мәніндегі Халық Конституциясы», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы Патриот дегеніміз – өз жұмысын кез келген орында, мейлі, университет, мектеп, аурухана, кәсіпорын немесе министрлікте болсын, өз қызметін адал атқаратын адамдар екенін баса айтты. Тоқаев: Ғылыми әзірлемелерден ауыз толтырып айтарлық экономикалық әсер әзірге жоқ «Әскери қызмет туралы айтпасақ та болады. Бұл арада барлық мамандықты тізіп шығу міндет емес шығар. Жұмыстың жаманы болмайды», деді Қ.Тоқаев.