• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 09:30

Еліміздің қай өңірлерінде жол жабық?

10 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты 3 облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп жазады Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы:

«Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысының шекарасы» тасжолының 30-шақырымына дейінгі (Тимирязево ауылы – Қостанай облысының шекарасы) учаскесінде жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді.

Сарапшы: Елімізде жоғары жылдамдықпен жүретін тасжолдарда жылдамдық режимі біркелкі емес

Павлодар облысы: 

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» тасжолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесі (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) жабық тұр.

Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысы: 

Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысына уақытша тыйым салынды. Бұл шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» тасжолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесі күн жылынып, жол бөлігі қауіпсіз болғанға дейін сақталады. 

 

Соңғы жаңалықтар