• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өндіріс 20 Наурыз, 2026

Қазақстанда қымыз өндірісі артты

20 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросы Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық сусындар өндірісіне қатысты деректерді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Жылдың алғашқы екі айында қымыз өндірісі – 11,8%-ға өскен. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қаңтар-ақпан айларында елімізде 215 тонна қымыз өндірілген. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23 тоннаға көп.

Жетісудың бал қымызы

Ал шұбат өндірісі 22,2%-ға азайған. 2026 жылдың алғашқы екі айында 206 тонна түйе сусыны өндірілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 58 тоннаға аз.

Қымыз – Ұлы дала құндылығы

Айта кетейік, былтыр қымыз өндірісі – 1126 тоннаны (жыл ішінде 4,3%-ға азайған), ал шұбат өндірісі – 1425 тоннаны (+27,6%) құраған.

Соңғы жаңалықтар