• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Туризм Бүгін, 12:26

Туризм саласында қандай өзгерістер болады?

10 рет
көрсетілді

17 наурыз күні Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды.  Құжат туристік саланы дамытуға қолайлы жағдай жасауға және мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.

Туризм және спорт министрлігі жаңа заң аясында туризм заңнамасындағы негізгі ұғымдар нақтыланғанын мәлімдеді. Атап айтқанда, гид, экскурсовод, туризм ресурстары және нысандары түсініктері айқындалды. Сонымен қатар гидтер мен экскурсоводтарды міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркеу талабы алынып тасталды. Бұл мамандарға ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан еркін қызмет етуге мүмкіндік береді.

Заңда визит-орталықтардың қызметі алғаш рет құқықтық тұрғыдан реттелді. Олардың құқықтық мәртебесі, негізгі функциялары, орналасу тәртібі айқындалып, туризм нысандарының қатарына енгізілді. Мұндай орталықтар туристерге маршруттар, қызметтер мен инфрақұрылым туралы ақпарат беретін негізгі орындарға айналып, отандық және шетелдік қонақтарға қызмет көрсетудің бірыңғай стандартын қамтамасыз етеді.

Туризм түйткілдері: Сөзден іске көшетін кез келді

Құжатта туристік инфрақұрылымды мемлекеттік қолдау шаралары да нақтыланды. Атап айтқанда, кәсіпкерлердің визит-орталықтар, жол бойындағы сервис нысандары, орналастыру орындарын салу және қайта жаңғыртуға жұмсаған шығындарының бір бөлігі өтеледі. Сонымен қатар тау шаңғысы курорттарына арналған техника мен туризм көлігін сатып алу шығындарын өтеу мүмкіндігі қарастырылған.

Туроператорларды қолдаудың қосымша тетіктері де енгізілді. Олардың шығындарын субсидиялау қарастырылып, туристік автобустардың мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінен өту рәсімін жеделдету көзделген. Сондай-ақ балалар үшін ұлттық парктерге кіру тегін болады.

Халықаралық сарапшылар Алматының тау туризмін дамытуға қолдау білдірді

Заңда мемлекеттік қолдау алған туризм нысандарының қаражатын мақсатты пайдалануын бес жыл бойы мониторингтеу нормасы енгізілді. Бұдан бөлек, туристік ресурстар аумағындағы санитарлық-гигиеналық тораптардың жағдайына бақылау күшейтіледі.

Жалпы енгізілген өзгерістер ішкі және сыртқы туризмін дамытуға берік негіз қалыптастыруға, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және білікті мамандарды тартуға бағытталған. Сонымен қатар заң мемлекеттік органдардың басым туризм аумақтарын айқындау және ақпараттық орталықтардың саланы қолдауға арналған ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау құзыретін бекітеді.

Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты

Қабылданған шаралар туристік инфрақұрылымды дамытуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және Қазақстанның қауіпсіз әрі тартымды туристік бағыт ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар