«Керуен сарай» кешенінің аумағында жұртшылыққа көктем мен жаңарудың сипатын сездіретін концерттік бағдарлама ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнерпаздар қазақтың ұлттық және заманауи әндерін шырқады. Сонымен қатар оркестрдің сүйемелдеуімен хореграфиялық қойылымдар көрсетілді.
Концертке танымал мәдениет қайраткерлері, қазақ эстрадасы мен классикалық өнер жұлдыздары, ұлттық ансамбль мен би ұжымдары қатысты.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.
Президент: Халқымыздың тарихи тағдыры – өзіміздің қолымызда