• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2015

Дзюдо. Азия чемпионаты. Алғашқы күні қоржынға екі «қола» түсті

360 рет
көрсетілді

АСТАНА. 14 мамыр. Кувейт астанасы – Эль-Кувейтте дзюдодан Азия чемпионаты өтуде. Додаға Қазақстанның ерлер құрамасынан – 8, әйелдер құрамасынан 12 дзюдошы қатысуда. Жарыстың алғашқы күні ел қоржынына екі қола медаль түсті. Бұл туралы спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының ресми сайты confederation.kz хабарлады. Екі жүлденің бірін 66 кг.-да сынға түскен Елдос Жұмақанов иемденсе, екіншісі Мариан Ордабаеваға (63 кг.) тиесілі. Елдос бастапқы екі белдесуінде Сингх Саини (Үндістан) мен Ришод Собиров (Өзбекстан) жеңді. Ал жартылай финалда жапон Томофуми Такдзоға есе жіберді. Қола жүлде үшін таласта Қытай дзюдошысы Ма Дуанбиді иппон әдісімен жеңді. Мариан да қола медаль үшін белдесуінде Қытай спортшысынан осындай әдіспен басым түскенін айта кетейік. Өкінішке қарай, алғашқы жарыс күнінде татамиге шыққан Елдос Сметов (60 кг.), Дастан Ықыбаев (73 кг.), Александра Подрядова (48 кг.) және Назгүл Құбашева (57 кг.) «қола» үшін таласта қарсыластарына жол берді. Бүгін жарыс жолына Азиз Қалқаманұлы (81 кг.), Ислам Бозбаев (90 кг.), Максим Раков (100 кг.), Ержан Шынкеев (+100 кг.), Ділбар Өмірәлиева (70 кг.), Альбина Амангелдиева (78 кг.) және Гүлжан Исанова (+78 кг.) шығады. Азия чемпионаты 15 мамырға дейін жалғасады. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: confederation.kz.