• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 17:49

Мораторий аяқталды: Енді – нақты тариф саясаты

20 рет
көрсетілді

2026 жылғы 26 наурызда Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті мораторий аяқталғаннан кейінгі тарифтік саясат мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға мемлекеттік органдар, сарапшылар және қоғам өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Талқылау барысында жылумен, электрмен, сумен жабдықтау және су бұру, сондай-ақ газбен қамтамасыз ету салаларындағы тарифтік реттеу негізгі бағыттары қаралды. Үкімет қабылдаған шаралар кешені азаматтардың табысын қорғауға және инфляцияны 10%-дан төмен деңгейде ұстауға бағытталғаны атап өтілді.

Наурыз айының соңына дейін коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий халыққа түсетін қаржылық жүктеменің өсуін болдырмауға және үй шаруашылықтарының тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік берді. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша мораторий аяқталғаннан кейін тарифтік саясат кезең-кезеңімен және теңгерімді түрде жүзеге асады, бұл халыққа түсетін жүктемені минималды деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.

Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше назар аударылды. Инвестициялық жобалар бекітілген кестеге сәйкес толық көлемде жалғасып жатыр, бұл желілердің тозуын төмендетуге және қызмет көрсету сенімділігін арттыруға бағытталған. Мемлекеттік тарифтік саясаттың басты қағидаты – тұтынушылар мен табиғи монополия субъектілерінің мүддесін теңгерімді қорғау.

Мемлекеттік тапсырысқа мораторий: Жекеменшік мектептердің қаржыландырылуы түбегейлі өзгереді

Қабылданған шаралардың жиынтық әсері 2026 жылы инфляциялық үдерістерге бақылаудағы және экономика мен азаматтардың табыстары үшін қауіпсіз деңгейде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары қаралды: электр энергиясы бағасының және теміржол тасымалдары тарифтерінің өсуі тежеу арқылы өнімнің өзіндік құны төмендетіледі.

Әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтар үшін тұрғын үй көмегі механизмі арқылы қосымша қолдау көрсетіледі, бұл коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындарды өтеуге бағытталған.

Өтемдік тариф: Қарағандыда коммуналдық қызмет бағасы 2027 жылға дейін төмендетілді

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тарифтік саясатты жетілдірудің негізгі бағыттары анықталды, олар – коммуналдық қызметтердің қолжетімділігін сақтау, инфрақұрылымның сапасы мен сенімділігін арттыру және халық мүддесін қорғау.

Осылайша, мораторий аяқталып, нақты және теңгерімді тариф саясаты кезеңі басталды, бұл жүйенің ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Елордада тариф бағасын негізсіз көтерген кәсіпорын 54 млн теңге айыппұл төледі

Соңғы жаңалықтар