Ақтөбе облысы Шалқар ауылында болған топтық төбелестен кейін 17 жастағы жасөспірімнің өліміне байланысты үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға екі бап бойынша (адам өлтіру және топ болып жасалған бұзақылық) тергеліп жатыр.
Қазіргі уақытта үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар оқиғаның куәгерлері мен басқа да қатысушылары анықталған.
Тергеу үшін тәжірибелі тергеушілер мен жедел қызметкерлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылған.
Ресейде қазақстандықтар қатысқан жаппай төбелес жайлы жаңа деректер шықты
Еске салайық, 20 наурызға қараған түні Шалқарда жастар арасында жаппай төбелес болып, соның салдарынан 17 жастағы Әлихан Жәнібек қаза тапқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім пышақ жарақатынан көз жұмған. Қауіпті соққы жүрек тұсына тиген болуы мүмкін. Ол мектепті бір жыл бұрын тәмамдап, әскерге баруды жоспарлаған.
Атыраудағы түрмеде тұтқын төбелестен кейін көз жұмды