Алматылық «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин командасының «Зенитке» қарсы (0:2) жолдастық ойындағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Уразбахтиннің айтуынша, команданың ойыны алғашқы таймда «біршама пассивті» болған.
«Бірінші таймда ойынға баяу кірістік, аздап белсенділігіміз жетіспеді. Қарсылас ширақ ойнады, қанаттарда бізден асып түсті, ал жекпе-жектерде күшіміз жетпеді. Голдық сәттер дәл осы қанаттық шабуылдардан кейін туындады. Үзілісте жігіттерге жоспар бойынша ойнауды жалғастыруды сұрадық, нәтижесінде екінші тайм тең дәрежеде өтті», деді бапкер.
Сондай-ақ Уразбахтин «Зенитке» және стадионға келген жанкүйерлерге алғыс айтты.
«Атмосфера керемет болды. Мұндай матчтар көп болса екен. Алдымызға қойған жүктемені орындадық. Ойыншыларға кем дегенде бір гол соғу міндетін қойдық, сол кезде қосымша энергия пайда болар еді. Олар ойнауды жалғастырды, бірақ соңғы фазада сапа жетіспеді. Бір гол соғуға мүмкіндік болды, бірақ жүзеге аспады», деді Уразбахтин «Матч ТВ» тікелей эфирінде.
«Қайрат» жолдастық матчта «Зениттен» жеңілді