• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс Бүгін, 10:53

Азия чемпионаты: Екі боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды

20 рет
көрсетілді

Бүгін Моңғолия астанасы Ұланбатырда әйелдер және ерлер арасында бокстан Азия чемпионаты басталды. Ел атынан алғаш болып шаршы алаңға 51 келіде Жазира Орақбаева шықты, деп жазады Egemen.kz.

Отандасымыз Солтүстік Корея өкілі, 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Ан Кум-биолға қарсы қолғап түйістірді. 

Жазира Орақбаева 3-раундта жарақатына байланысты жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша, 2 раундтың қорытындысы бойынша отандасымыз есепте алда келе жатқанмен жеңіс қарсыластың есебіне жазылды. 

Қазақстан бокс құрамасы Futures Cup турнирінде үш алтын медаль жеңіп алды

Сондай-ақ 54 келіде бақ сынаған Элина Базарова үшін де Азия чемпионаты аяқталды. Ол әлем кубогінің жеңімпазы, Үндістан өкілі Прити Притиге 0:5 есебімен есе жіберді. 

Айта кетейік, күні кеше Азия чемпионатының жеребесі тартылып, ел құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды.

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшелері референдумда өз таңдауын жасады

Қазақстан бокс федерациясы жеребеге сай боксшыларымыздың жарысқа шығу кестесін жариялады: 

30 наурыз51 келі. 1\8 финал. Жазира Орақбаева – Кум Бол Ан (КХДР)54 келі. 1\8 финал. Элина Базарова – Прити Прити (Үндістан) 31 наурыз60 келі. 1\8 финал. Римма Волосенко – Прия Прия (Үндістан)1 сәуір60 келі. 1\8 финал. Оразбек Асылқұлов – Пол Джулифер Баскон (Филиппин) 2 сәуір65 келі. 1\8 финал. Ертуған Зейнулинов – Ю Лин (Тайпей)3 сәуір55 келі. 1\4 финал. Махмұд Сабырхан – қарсылас Иордания – Өзбекстан жекпе-жегінде анықталады 70 келі. 1\4 финал. Төрехан Сабырхан vs қарсылас Корея – Тәжікстан жекпе-жегінде анықталады4 сәуір65 келі. 1\4 финал. Лаура Есенкелді – Анкушито Боро (Үндістан)75 келі. 1\4 финал. Валентина Хальзова – Сеюн Сенг (Корея)50 келі. 1\4 финал. Санжар Тәшкенбай – қарсылас Қырғызстан – Үндістан жекпе-жегінде анықталады+90 келі. 1\4 финал. Айбек Оралбай – қарсылас Моңғолия – Өзбекстан жекпе-жегінде анықталады5 сәуір48 келі. 1\4 финал Әйгерім Сәттібаева – Cабина Бобокулова (Өзбекстан) 57 келі. 1\4 финал Ұлжан Сәрсенбек – қарсылас Таиланд – Вьетнам жекпе-жегінде анықталады75 келі. 1\4 финал. Сабыржан Аққалықов – Талга Яги (Жапония) 80 келі. 1\4 финал. Ерасыл Жақпеков – қарсылас Қырғызстан – Өзбекстан жекпе-жегінде анықталады 90 келі. 1\4 финал. Сағындық Тоғамбай – Ксужен Хан (Қытай) 6 сәуір70 келі. 1\2 финал. Бақыт Сейдіш – қарсылас Корея – Қытай жекпе-жегінде анықталады80 келі. 1\2 финал. Надежда Рябец – Пуджа Рани (Үндістан)+80 келі. 1\2 финал. Дина Исламбекова – Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)7 сәуір85 келі. 1\2 финал. Нұрбек Оралбай – қарсылас Моңғолия – Иордания жекпе-жегінде анықталады

Соңғы жаңалықтар