• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:08

25 жыл жөндеу көрмейтін жол: Аягөздік оқушы пластик қалдықтардан эко-асфальт жасап шығарды

20 рет
көрсетілді

Абай облысының Аягөз қаласындағы №10 қазақ мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Аружан Қабдұлмаратова тұрмыстық пластик қалдықтарын қайта өңдеу арқылы жол жабынын жасаудың тың әдісін ұсынды. Жас зерттеушінің бірнеше жылға созылған еңбегі нақты нәтижесін беріп отыр, деп жазады Egemen.kz.

Аружан бұл жобамен 7 сыныптан бастап жүйелі түрде айналысып келеді. Ізденіс барысында ол пластик қалдықтарын арнайы өңдеп, асфальт құрамына қосудың тиімді тәсілін тапқан. Ұсынылған әдіс жол жабынының беріктігін арттырып, оның қызмет ету мерзімін едәуір ұзартады.

Мамандардың бағалауынша, мұндай технологиямен салынған жолдар орта есеппен 12-18 жыл бойы жөндеуді қажет етпейді, ал сапасы жоғары үлгілері 20-25 жылға дейін төзімді. Сонымен қатар эко-асфальт дәстүрлі жол жабынымен салыстырғанда әлдеқайда үнемді екені атап өтілді.

 

Астанада мектеп оқушысы «Ақылды шлагбаум» ойлап тапты

Жобаның тағы бір маңызды қыры – жол сапасын бақылауды автоматтандыру мүмкіндігі. Келесі кезеңде оқушы арнайы автономды роботтар жүйесін енгізуді көздеп отыр. Оның түсіндіруінше, «А» роботы жолдағы ақауларды анықтайды, ал «В» роботы оларды жедел жөндейді. Бұл тәсіл уақытты үнемдеп, жөндеу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Арманын ғарышқа самғатқан жас өнертапқыш

Жас өнертапқыштың басты мақсаты – пластик қалдықтарын тиімді пайдалану арқылы қоршаған ортаны қорғау және жол құрылысына инновациялық шешім енгізу. «Эко асфальт» жобасы арқылы Аружан туған өңірінің экологиясын жақсартуға нақты үлес қосып отыр.

Жас өнертапқыштардың әлеуеті: Идеялар неліктен өндіріске жетпей қалады?

Соңғы жаңалықтар