Ұлытау облысының прокуратурасы мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Талдау барысында 36 мемлекеттік қызметші, оның ішінде 10 басшы, «Olimpbet» және «1XBET» букмекерлік компанияларында бәс тіккені белгілі болды.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер лауазымынан босатылған.
Сәтбаев қаласында мемлекеттік қызметкерлер бюджет қаражатын жымқырған
Құзырлы орган сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында екенін мәлімдеді.
Павлодарда мемлекеттік қызметкер желіде табыс тапқаны үшін жұмыстан қуылды
Айта кетейік, ел заңына сай қоғамның мемлекеттік қызметке деген сеніміне нұқсан келтіретіндіктен мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуына тыйым салынады.