Соңғы он жыл ішінде Қазақстандағы ерікті автокөлік сақтандыру (КАСКО) нарығы тұрақты өсім көрсетіп келеді. Егер 2015 жылы сақтандыру жарналарының көлемі 16,6 млрд теңге болса, 2025 жылдың соңында бұл көрсеткіш 100,7 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ranking.kz мәліметіне сәйкес, өсімнің ең жоғарғы кезеңі 2023 жылға тиесілі – 120,1 млрд теңге. Биылғы жылдың қаңтарында КАСКО сегментінде жиналған жарналар көлемі 7,8 млрд теңгені құрап, 2025 жылғы қаңтармен салыстырғанда 11,4%-ға артты (7 млрд теңге).
КАСКО сақтандыруының танымалдығы – оның автокөлікті кешенді қорғау құралы ретінде маңыздылығында. Бұл ерікті полис апаттан, ұрлықтан, табиғи апаттардан немесе үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен келетін шығындарды қамтиды, сондықтан автокөлік иесіне толық қаржылық сенімділік береді.
Соңғы он жылда КАСКО сегментіндегі төлемдер 5,7 млрд теңгеден 29,6 млрд теңгеге дейін өсті. Биылғы қаңтарда сақтандыру төлемдері 2,2 млрд теңге болды, ал 2025 жылғы қаңтарда – 2,3 млрд теңге.
Жарналар көлемі бойынша көшбасшы – Halyk Insurance (2,3 млрд теңге). Одан кейін Sinoasia B&R (1,7 млрд), Евразия (980 млн) және Нефтяная Страховая Компания (827,7 млн) тұр.
Қазақстандықтар үшін ең маңызды көрсеткіш – сақтандыру төлемдері. Автокөлік иелерінің шығындарын уақытында және толық өтеу компанияның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. КАСКО бойынша төлемдерде бірінші орында Halyk Insurance (441,3 млн теңге), бұл компанияның сенімді екенін дәлелдейді. Сондай-ақ, Halyk Insurance полистеріне 50% жеңілдік сияқты акциялар арқылы да сұранысты арттырады. Акция тек 1 сәуірге дейін жарамды, бірақ бөліп төлеу мүмкіндігі кейін де бар.
Төлемдер көлемі бойынша екінші орында – Евразия (314,7 млн) және Нефтяная Страховая Компания (289,6 млн). Міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру сегментінде де өсім бар: 2015–2025 жылдар аралығында жарналар 38,5 млрд теңгеден 136,8 млрд теңгеге жетті, ал биылғы қаңтарда – 11,7 млрд теңге.
Сақтандыру төлемдері де өсуде: 18,2 млрд теңгеден 105,9 млрд теңгеге дейін. Биылғы қаңтарда төлемдер 9,2 млрд теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 26% өсті.
Кейбір жүргізушілер үшін автосақтандыру құны арзандайтын болды
Міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру сегментінде де көшбасшы Halyk Insurance – 5,3 млрд теңге. Төлемдер бойынша негізгі жүктеме Halyk Insurance және Freedom Finance Insurance компанияларына тиесілі (әрқайсысы 2,6 млрд теңге), үшінші орында – Евразия (1,1 млрд).
Осылайша, Halyk Insurance КАСКО мен міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру сегменттерінде де көшбасшы болып, Қазақстандағы автокөлік иелері үшін ең сенімді сақтандыру компаниясы екендігін дәлелдейді.
Көлікті сақтандыру қымбатқа түседі