Синоптиктер 31 наурызға арналған синоптикалық жағдай мен ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz
Оған сәйкес, Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде және Жетісу облысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.
«Кең ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің батысында, оңтүстігінде жылжыған атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, облыстың батысында нөсер жаңбыр болады», делінген хабарламада.Республика бойынша, синоптиктер атап өткендей, батыста тұман, оңтүстікте, орталықта желдің екпін алуы, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады деп күтіледі.
Ақмола облысында өзен тасып, көпірді су басып қалды