ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығы» сейсмикалық станциялар желісі бүгін сағат 11:11-де Жетісу облысында екінші рет жер сілкінгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жерасты дүмпуінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 км қашықтықта орналасқан.
Алматы облысында жер сілкінісі сезілді
Жер сілкінісі Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында – 2 балдық көрсеткішпен тіркелген.Текелі қаласында – 2 балл;Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында – 2 балл.
ТЖМ зардап шеккендер мен қираулар туралы мәліметтер мен тұрғындар тарапынан 112 нөміріне қоңырау тіркелмегенін атап өтті.
Бұған дейін жер сілкінісінің қуаты – 4,4 балл болған еді.