Алматы қаласында 4 сәуірден бастап жаңа №130 автобус маршруты қатынай бастайды. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жаңа бағыт Қалқаман шағын ауданындағы №7 қалалық клиникалық аурухана мен Көк-Төбе арасын байланыстырады. Маршруттың жалпы ұзындығы 21,5 шақырымды құрайды. Автобустар шамамен әр 9 минут сайын қатынайды.
Бағыт қаланың негізгі магистральдары мен тұрғын аудандарын қамтиды. Атап айтқанда, Райымбек даңғылы, Сейфуллин, Достық даңғылдары, Сәтбаев көшесі және Бұхар жырау бульвары арқылы өтеді.
Орал маңында мектеп автобусы жол апатына түсіп, балалар зардап шекті
Желідегі қозғалыс уақыты таңғы 5:30-дан түнгі 23:00-ге дейін. Бағытта сыйымдылығы 80 адамға дейін жететін 15 дана 10 метрлік Yutong автобусы қызмет көрсетеді.
Алматы облысында пойыз бен автобус соқтығысты, зардап шеккендер бар
Маршрутқа қызмет көрсетуді коммуналдық автопарк Алматыэлектротранс жүзеге асырады.