• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Театр Бүгін, 08:53

Халық қошеметіне бөленген қойылым

30 рет
көрсетілді

Қасиетті Ертіс-Баян өңірінің рухани ордасы іспетті Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының биылғы гастрольдік сапары Талдықорған өңірінен бастау алған еді. Осы өнер сапары 8-10 сәуір күндері Алматы қаласында жалғасты.

Аймақтық театрдың өнер тәбәрігін ала келген труппаның сапары мега­­­­полистің мәдени өмірінде ай­шық­ты оқиғаға айналды. Аталған театрдың Алматыдағы гастролі бала­ларға арналған «Аладдин» ертегісімен шымылдығын (авторы: Б.Шолпанқұл) ашты. С.Левицкийдің «Джудит жасаған қиын таңдау» атты балалар мен ересектерге арналған спектакль-шоуы, Жангелді Садықов қойған «Алғашқы махаббат» комедиясы, Азамат Нығмановтың «Ұждан» әпсанасы (авторы: Ш.Құдайбердіұлы) мен режиссер Жұлдызбек Жұманбай қойған «Балам, қашан келесің?..» драмасы (авторы: С.Сыбанбай) үш күн бойы көрерменді ерекше әсерге бөледі. 

– Осынау гастрольдік сапар сонау шалғайда жатқан Ертіс-Баян өңіріндегі театрдың өзіндік есеп беруі мен  репертуар таныстыруы десек те болады. Көрермендер барлық қойылымды жақсы қабылдады. Гастрольдік сапар көңілімізден шықты. Көрермен қошеметіне бөлендік.  Бірқатар республикалық, халықаралық  театр фестивалінің талай жүлдесін жеңіп алған «Ұждан» қойылымы мен жуырда  сахналанған «Балам, қашан келесің?..» драмасына билеттер алдын ала түгел сатылып кеткендіктен, «Балам, қашан келесің?..» қойылымын қайталап қоюға тура келді, – дейді «Аладдин» ертегісінің режиссері әрі театрдың актері Бауыржан Манатбекұлы.

 

АЛМАТЫ

 

Соңғы жаңалықтар