• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғылым Бүгін, 12:40

Елімізде ғылым қалашықтары мен ғылыми-технологиялық парктер құрылады

30 рет
көрсетілді

Ғылым мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер елдің ғылыми-технологиялық және инновациялық әлеуетін нығайтуға бағытталған. Осы мақсатта бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ғылыми және технологиялық ресурстарды тиімді шоғырландыру, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және ғылымның инвестициялық тартымдылығын арттыру тетіктері ұсынылады, деп жазады Egemen.kz.

Атап айтқанда, ғылыммен шұғылданатын аумақтарды дамытуға құқықтық негіз қалыптастырылады. Олар ғылым қалашықтары және ғылыми-технологиялық парктер форматында дамиды. Ғылым қалашықтары – ғылымды негізге алатын технологиялар мен инновацияларды дамытуға жағдай жасалатын елдімекендер болса, ғылыми-технологиялық парктер – жоғары оқу орындары, ғылыми институттар мен өндірісте ғылыми әзірлемелерді енгізген кәсіпорындар базасында құрылады.

Ғылымға серпін: ЕҰУ Жапониямен байланысын нығайтты

Олардың негізгі мақсаты мен міндеті, басқару және қаржыландыру тетіктері, сондай-ақ қызметін бақылау және мониторинг жүргізу тәртібі айқындалады. Бұдан бөлек, аталған аумақтарды дамытуға ынталандыру шаралары және ғылым қалашықтарына қатысушы ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қолдау тетіктері бекітіледі.

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Соңғы жаңалықтар