Қазақстан Ұлыбританиямен стратегиялық әріптестік туралы жаңа келісім арқылы виза мәселесін шешуге үміттеніп отыр. Аталған құжатты бүгін Сенат депутаттары ратификациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы құжат бұған дейін Мәжілісте мақұлданып, кейін Сенатта бекітілген.
Қазақстан азаматтары визасыз бара алатын елдер саны артты
Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтің мәлімдеуінше, құжат ратификацияланғаннан кейін алғашқы қадамдардың бірі ретінде студенттер, оқытушылар, ресми делегациялар және бизнес өкілдері үшін виза рәсімдеу тәртібін жеңілдету қарастырылуы мүмкін.
«Ұлыбритания миграциялық саясатты қатаңдатқанымен, Қазақстан бұл мәселені екіжақты келіссөздерде тұрақты түрде көтеріп келеді. Ратификация аталған бағыттағы диалогты дамытуға қосымша негіз қалыптастырады», деді Арман Исетов.
Саясат Нұрбек: «Болашақ» түлектерінің үштен бірі АҚШ-қа виза ала алмай жүр
Келісімге 2024 жылғы 24 сәуірде Астанада қол қойылған. Құжат екі ел арасындағы саяси, экономикалық, құқықтық, гуманитарлық және экологиялық салалардағы ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытуға және инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған. Жаңа келісім Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шыққаннан кейін екіжақты қатынастарды реттеу қажеттігінен туындаған.
Астаналық әйел АҚШ-қа виза жасатып беремін деп 6 адамды алдап кеткен
Нұрболат АМАНБЕК