• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Кеше

«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды

40 рет
көрсетілді

«Әділет» партиясының ұйымдастыру комитеті Әділет министрлігіне партия құру ниеті туралы хабарлама ұсынып, оның қабылданғанын растайтын құжат алды, деп жазады Egemen.kz.

2026 жылғы 16 сәуірде бастамашыл топтың атынан ұсынылған құжаттар пакеті елдің барлық өңірін қамтыды. Атап айтқанда, барлық облыстардан, республикалық маңызы бар қалалар мен Астанадан жиналған 700-ден астам азамат жаңа саяси бірлестік құруға ниет білдіріп отыр. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, қажетті ілеспе құжаттардың барлығы заң талаптарына сай рәсімделіп, уәкілетті органға толық көлемде тапсырылған.

Қазақстанда жаңа саяси партия құрылуы мүмкін

Осылайша, «Әділет» партиясының ұйымдастыру комитеті ресми түрде өз қызметіне кірісті. Алдағы кезеңде құрылымдық жұмыстар жүргізіліп, партияның бағдарламалық ұстанымдары нақтыланбақ.

Ұйымдастырушылардың жоспарына сәйкес, 2026 жылғы мамыр айының басында партияның құрылтай съезін өткізу көзделіп отыр. Жиында партияның негізгі бағыттары бекітіліп, басқару органдары сайлануы мүмкін. Құрылтай съезінің нақты күні мен өтетін орны туралы қосымша хабарланатыны айтылды.

«AMANAT» партиясы жаңа жобаны іске қосты

 

Соңғы жаңалықтар