Енді әскерде мобильді байланыс құралдарын қолдану тәртібі жеңілдей түспек. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомство басшысының 2026 жылғы 30 наурыздағы бұйрығына сәйкес, әскери бөлімдер мен министрлік құрылымдарында абоненттік құрылғыларды әкелу, алып шығу және пайдалану тәртібі жаңартылды.
Бұған дейін әскери қызметшілерге тек шектеулі мерзімге және казарма ішінде ғана берілетін кнопкалы телефондарды пайдалануға рұқсат етілген болатын.
Павлодарда әскери қызметші қаза тапты: Қылмыстық іс қозғалды
Жаңа ережелерге сәйкес, мерзімді қызметтегі сарбаздар, курсанттар және кадеттер үшін байланыс құралдарын пайдалану тәртібі біршама жеңілдетілді. Енді олар телефондарды казармаға сөндірілген күйде әкеліп, сол аумақта пайдалануға мүмкіндік алады. Сондай-ақ әскери госпитальдарда, емдеу және диагностикалық бөлімшелерде де қолдануға рұқсат етіледі.
Биыл әскери жиындарға қанша азамат шақырылады?
Министрлік мәліметінше, телефонды пайдалану уақыты бөлім командирлерінің шешімімен белгіленеді және әдетте күн тәртібіндегі жеке уақытпен шектеледі. Бұл жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындықтан қол үзбеуді көздейді.
Нұрболат АМАНБЕК