• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:47

Тәуелсіз сауалнама: Президентке халықтың қанша пайызы сенім білдіреді?

50 рет
көрсетілді

Сәуір айында жүргізілген тәуелсіз әлеуметтік зерттеу нәтижелері Қазақстан азаматтарының билік институттарына деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Бұл туралы Demoscope зерттеу жобасының деректерінде айтылған, деп жазады Egemen.kz.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, респонденттердің 70%-дан астамы Қазақстанның даму бағытын дұрыс деп бағалайды. Атап айтқанда, 44,6%-ы ел «дұрыс бағытта дамып келеді» деп нақты жауап берсе, тағы 27,8%-ы «көбіне дұрыс бағытта» деген пікір білдірген. Бұл көрсеткіш күмәнмен қарайтындардың үлесінен шамамен үш жарым есе жоғары.

Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды

Сауалнама нәтижелері бойынша Мемлекет басшысы қоғамдағы ең жоғары сенімге ие институт болып қала береді. Президентке сауалнамаға қатысушылардың 61,3%-ы сенім білдірген.

Сонымен қатар, Үкіметке респонденттердің – 47,4%-ы, жергілікті атқарушы органдарға (әкімдіктерге) – 50,2%-ы, Парламентке – 40,5%-ы сенім артқан. Құқық қорғау органдарына сенім білдіргендер үлесі – 46,8%-ды, ал сот жүйесіне – 43,7%-ды құрады. Жалпы алғанда, барлық мемлекеттік институт бойынша сенім білдірушілер саны сыни көзқарастағылардан айтарлықтай басым.

Сауалнама: Ата-аналардың 78%-ы баласының араласатын ортасын жақсы біледі

Бұдан бөлек, билік ұсынған «Әділетті Қазақстан» бағыты да қоғам тарапынан қолдау тапқан. Сауалнамаға қатысқандардың 55,6%-ы бұл ұстаным нақты жүзеге асып жатыр деп есептейді.

Аталған сауалнама Қазақстанның барлық өңірінде жүргізілген. Қатысушылардың 65,8%-ы сұрақтарға қазақ тілінде жауап беруді таңдаған.

Соңғы жаңалықтар