Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы жазық алқаптан ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттар табылды. Қазір оқиға орнына полиция мен жедел қызмет өкілдері жетіп, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Куәгерлердің айтуынша, күмәнді затты алғаш болып жергілікті тұрғындар байқаған. Олар оқиға орнын және арнайы қызметтердің жұмысын видеоға түсіріп алған. Сондай-ақ кейбір тұрғындар нысанның құлау сәтін де таспаға түсіргендерін айтады. Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда жарылысқа ұқсас қатты дыбыс естіледі.
«Міне, дрон жарты сағат бұрын құлады. Таңертеңгі уақыт, сағат шамамен 8:30», дейді интернетте тараған видеоны түсірген автор.
Батыс Қазақстан облысында тағы бір дрон құлады
Өңірлік полиция департаменті аталған деректі растады.
«Ақтөбе облысының Полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Қарғалы ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсас заттардың табылуына байланысты тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Нысан елді мекеннен тыс жерде анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», делінген департамент хабарламасында.
Астанада тазалықты бақылауға дрондар жұмылдырылады