• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
16 Шілде, 2010

БАНК ХАЛЫҚ СЕНІМІНДЕ

486 рет
көрсетілді

Сәрсенбі күні Астанада “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ елордалық филиалының директоры Мұрат Шәріпов журналистермен баспасөз брифингін өткізді. Аталмыш кездесу банктің құрылғанына жеті жыл толуына арналды. – Банктің негізгі міндеті – елімізде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамыту және Отанымыздың барлық өңірлерінде жұртшылықтың неғұрлым ауқымды бөлігінің тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне тең дәрежеде қол жетімділігін қамтамасыз ету, сонымен қатар жеке қаражаттары мен Банктің тұрғын үй заемдарының есебінен тұрғын жағдайларын жақсарту үшін сапалы банктік қызмет көрсету болып табылады. Нарыққа қатысқан жеті жыл ішінде банк жақсы нәтижелерге қол жеткізді. 2003 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, 7 жыл ішінде жасалған шарттар саны 2010 жылғы 1 шілдеге дейінгі есеп бойынша 302 млрд. теңгеге дейін көбейді. Осы уақытқа дейін банктің баспана жағдайын жақсартуға бағытталған барлығы 21 мың тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қатысушысына 66 млрд. теңгені құрайтын алдын ала, аралық және тұрғын үй заемдарын бергенін айта кету керек. Еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі өнімінің танымалдығын арттырудың неғұрлым жоғары қарқыны банк активтерінің жыл сайын орта есеппен 97 пайызға өсу жағдайында 7 жыл ішінде 77,5 млрд. теңгеге дейін көтерілді. Кредиттік қаржы үстіміздегі жылы 50 млрд. теңгеден асып түсіп, 2010 жылдың 1 шілдесінде 55 млрд. теңгені құрады. Бұл депозиттік базаның 32,1 млрд.теңгеге дейін өсуіне әсер етті. Сонымен бірге, негізінен алғанда, банктің жалғыз акционері толықтырған қаражаттардан тұратын Банктің меншікті капиталы 2010 жылғы 1 шілдедегі есеп бойынша 18,7 млрд. теңгені құрады. Жұртшылық арасында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің талаптары бойынша түсініктеме беру жұмыстары – тәуелсіз маркетингтік сауалнамалардың нәтижелері бойынша бүгінде бізді халықтың 64 пайызы біледі, 184 мыңнан астам адамның банк клиенттері болып табылуы да халықтың сенімінің көрінісі, – деп атап өтті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Мұрат Тұрсынұлы. Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда банктің негізгі талаптары тікелей тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы заем беру тетіктерін көздейтін еліміздегі тұрғын үй құрылы­сы­ның 2008-2010 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі операторы болып табылатындығын да назардан тыс қалдырмады. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.