• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әскер Бүгін, 10:25

Қазақстанда әскери оқу орындарының үздік түлектеріне «аға лейтенант» атағы беріледі

Енді еліміздің және шетелдік әскери жоғары оқу орындарын үздік бітірген курсанттарға «аға лейтенант» әскери атағы табысталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент қол қойған жаңа заң аясында әскери жоғары оқу орындарын үздік тәмамдаған түлектерге әскери атақ беру тәртібі өзгерді, Заңға сәйкес, үздік түлектерге болашақ қызмет орнын өз қалауымен таңдау мүмкіндігі де беріледі.

«Осы өзгерістерді іске асыру үшін «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңға толықтырулар енгізіліп, әскери қызмет өткеру қағидаларын жаңарту жөніндегі Президент Жарлығының жобасы әзірленді» делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Жаңа нормалар әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін күшейтіп, курсанттардың оқу мен қызметтегі жетістіктерге ұмтылысын арттыруға бағытталған.

Еске сала кетейік, аталған өзгерістерді енгізу туралы алғаш Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 6-мамырда өткен мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде айтқан болатын. Жиында Мемлекет басшысы Қазақстан – Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясын дербес орындау мәртебесіне ие болған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ішіндегі жалғыз мемлекет екеніне тоқталды.

Соңғы жаңалықтар