• RUB:
    6.11
  • USD:
    472.03
  • EUR:
    540.29
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 11:45

АҚШ-та аптап ыстықтан кемінде 25 адам көз жұмды

АҚШ-тың шығыс бөлігін қамтыған ауқымды ыстық ауа массасы салдарынан елдің 20-дан астам штатында ауа температурасы +38°C-тан асты. The Guardian басылымының мәліметінше, экстремалды аптап салдарынан кемінде 25 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz

Ең күрделі жағдай Нью-Джерси штатында тіркелді. Мұнда 22 адамның көз жұмғаны белгілі болды. Қаза тапқандардың денелері кондиционері жоқ үйлерден, автокөліктерден және көшелерден табылған.

АҚШ-та ауа райы 46 градусқа дейін ыстық болады

Сондай-ақ Иллинойс пен Миссисипи штаттарының билігі де аптап ыстыққа байланысты адам өлімі тіркелгенін хабарлады.

Қатты ыстық көпшілік іс-шараларға қатысушылардың денсаулығына да кері әсерін тигізді. Вашингтонда АҚШ-тың Тәуелсіздік күні 4 шілде мерекесі кезінде 50-ден астам адамға медициналық көмек көрсетілген.

АҚШ Тәуелсіздік күніндегі отшашу: Бруклин көпірінде үш жерден өрт шықты

АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметі тұрғындарды күннің астында ұзақ жүрмеуге, көбірек су ішуге және жақындарының денсаулық жағдайын бақылауда ұстауға шақырып отыр.

Соңғы жаңалықтар