• RUB:
    6.11
  • USD:
    472.03
  • EUR:
    540.29
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 12:11

Италияда Этна жанартауы қайта оянып, Сицилиядағы әуежай жұмысы шектелді

Италия билігі Сицилия аралындағы Катания әуежайының жұмысына уақытша шектеу енгізді. Бұған Этна жанартауының кезекті рет оянуы себеп болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Италиялық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, әуежай әзірге келетін рейстерді қабылдауды тоқтатты. Ал ұшақтардың ұшып шығуы бұрынғы кесте бойынша жалғасып жатыр.

Билік өкілдері шектеулердің уақытша екенін және жағдайға қарай кешке дейін қайта қаралуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Сицилияның шығыс жағалауында, Мессина мен Катания қалаларына жақын орналасқан Этна жанартауы маусым айының соңынан бері қайтадан белсенділік танытып келеді.

Филиппинде Майон жанартауы атқылады: 5 000-нан астам адам эвакуацияланды

Италиялық мамандардың мәліметінше, 5 шілде күні таңертең жанартау шамамен 1,5 шақырым биіктікке күл бағанын шығарған.

Қазіргі уақытта билік жағдайды жіті бақылап, жанартау атқылауының өңірдегі әуе қатынасына ықтимал әсерін бағалап жатыр.

Соңғы жаңалықтар