Павлодар қаласында Нұрсұлтан Назарбаев пен Жаяу Мұса көшелерінің қиылысында болған адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты салдарынан Geely Emgrand автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көлік қозғалысының қауіпсіз жылдамдығын сақтамаған. Соның салдарынан автокөлік трамвай бағанына соғылған.
Қазіргі уақытта апаттың нақты себептері мен мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталып жатыр.
Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдық режимінен аспауға, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде барынша мұқият болуға, сондай-ақ көліктің техникалық жағдайын үнемі бақылап отыруға шақырды.