• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 08:05

Еліміздің оңтүстігінде 37 градусқа дейін ыстық болады

«Қазгидромет» 2 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал оңтүстік өңірлерде аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада күн құбылмалы болғанымен, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы күндіз +27...+29 градусқа дейін көтеріледі.

Алматыда күн бұлтты болып, жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Күндіз ауа температурасы +31...+33 градус болады.

Шымкент, Түркістан, Қызылорда және Конаев қалаларында жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, ауа температурасы +32...+37 градусқа дейін жетеді.

Синоптиктер сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде найзағай, бұршақ және аптап ыстық болатынын ескертті

Батыс Қазақстан өңірлерінде, атап айтқанда, Ақтау, Атырау, Ақтөбе және Орал қалаларында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Бұл аймақтарда ауа температурасы салыстырмалы түрде төмен болады.

Сондай-ақ Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған және Тараз қалаларында да жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының қолайсыз құбылыстарын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар