АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Ливандағы «Хезболла» қозғалысы арасында атысты тоқтату жөнінде келісім жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дональд Трамптың айтуынша, ол Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесіп, Израиль әскері Бейрутқа кірмейтіні туралы келісімге келген.
«Премьер-министр Нетаньяхумен өте нәтижелі әңгіме өткіздім. Бейрутқа ешқандай әскер енгізілмейтіні белгілі болды. Сондай-ақ жоғары лауазымды өкілдер арқылы «Хезболламен» де жақсы сөйлестік. Олар атысты тоқтатуға келісті. Израиль оларға шабуыл жасамайды, олар да Израильге шабуыл жасамайды», деп жазды Ақ үй басшысы Truth Social әлеуметтік желісінде.
Еске сала кетейік, бұған дейін Иран мемлекеттік ақпарат құралдары Тегеранның АҚШ-пен келіссөздерді тоқтатқанын хабарлаған болатын.
Трамп жаңа мәлімдеме жасады: Иран ядролық қарудан бас тартуы мүмкін
Сарапшылардың пікірінше, Иранның келіссөздерден шығуы Таяу Шығыстағы шиеленісті одан әрі күшейтуі мүмкін. Ал Трамп жариялаған атысты тоқтату туралы келісімнің қаншалықты ұзақ сақталатыны әзірге белгісіз.