• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 08:55

Қызылордада ботаникалық бақ ашылды

Қызылордада ботаникалық бақтың құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Alem Qurylys AQ компаниясы құрылысын жүзеге асырған бақ екі қабатты заманауи ғимаратта орналасқан. Кешен ішінде Оңтүстік Америка, Африка, Қытай, Мексика, Жапония, Мадагаскар, Аустралия және басқа да өңірлердің өсімдіктеріне арналған тақырыптық экспозициялар жасақталған.

Ғимараттың бірінші қабатында кең вестибюль, қабылдау аймағы, сауда павильондары мен қызметтік бөлмелер орналасқан. Кешеннің негізгі бөлігін жалпы аумағы 1,5 мың шаршы метрден асатын екі ірі жылыжай құрайды. Онда әлемнің түрлі климаттық белдеулерінен әкелінген экзотикалық өсімдіктер өсіріледі.

Алматының ботаникалық бағына кіру билеттерінің бағасы өсті

Тропикалық жылыжайда ауа ылғалдылығын табиғи деңгейде ұстап тұратын тұман қалыптастыру жүйесі жұмыс істейді. Сондай-ақ артық ылғалды бұрып әкететін дренаж жүйесі қарастырылған.

Бұдан бөлек ботаникалық бақта білім беру іс-шараларын өткізуге арналған 40 орындық дәріс залы да бар. Екінші қабатта әкімшілік кабинеттер, демалыс аймағы, асхана және жылыжайларға панорамалық көрініс ашылатын шолу көпірі орналасқан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сыр елінде алғаш болып өндірістік бағытта қарасора өсірілетінін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар