Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін өткен ойынды тамашалады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Суперкубокты алматылық «Қайратты» пенальти нәтижесі бойынша жеңген елордалық «Астана» командасы иеленді.
Мемлекет басшысы ойынға қатысушыларға табыс тіледі және жеңімпаздарға Суперкубокты табыс етті.
Жарысқа Швециядан шақырылған Й.Эрикссон бастаған төрешілер тобы төрелік етті.
Футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін жарыс 1995 жылдан бері өткізіліп келеді. Кезекті футбол маусымын ашатын жарысқа чемпионат жеңімпазы мен өткен маусымдағы Кубок иегері қатысады.
Сурет Ақорда сайтынан алынды.