• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Мамыр, 2015

Қостанай облысына жауынгер бейітінің топырағы жеткізілді (фото)

551 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 15 мамыр. Қостанай облысының Таран ауданында Ресейдің Волгаград облысындағы Котельников қаласындағы бауырластар зиратынан топырақ салынған капсула әкелініп, қайта жерленді. Ондағы бауырластар зиратында соғыс кезінде қаза тапқан жауынгер Сабыр Жұмин да жатқан болатын. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Бұл игілікті іске Қостанай облысындағы ізшілер экспедициясы мұрындық болды. Өткен жылдың сәуір айында ізшілер ирнтернеттен жерлесі Сабыр Жұминнің 1943 жылы Сталинград шайқасында қаза тауып, Волгаград облысында жерленгені туралы ақпаратты тапқан болатын. Содан бастап жауынгер Сабыр Жұмин туыстарының отбасында жауынгер аталарының алдындағы парызды орындауды мақсат тұтқан жұмыстар басталып кетті. Сабыр Жұминнің немересі Қарлығаш Жұмина: «Біз атамыз туралы іздеу жұмыстарын осыдан көп жылдар бұрын бастағанбыз. Үзбей іздеудің арқасында жақында ғана атамыз туралы барлық мәліметті архивтерден таптық» деді.  Сабыр Жұминнің жерленген бауырластар зиратына барып келу жөніндегі бастаманы облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов қолдады. Сонымен Волгоград облысына арасында Жұминнің туыстары бар делегация аттанып кеткен болатын. Қарлығаш Жұмина: «Котельников қаласының әкімшілігі бізді жылы қабылдады, бауырластар зиратына гүл шоқтарын қойдық, сосын олар бізге жауынгерлік даңқ орындарын аралатты. Бауырластар зираты жақсы күтілген, сол үшін қала тұрғындарына басымызды иіп қайттық. Соғыстағы ерлік те, ешкім де ұмытылмайды» деді. Делегация бауырластар зиратынан бір капсула топырақ алды, сонымен қатар Сабыр Жұминнің туған жерінен де бір уыс топырақ апарып салды. Сөйтіп жауынгердің жатқан жерінен алынған топырақты оның туған жері Таран ауданындағы Набережный ауылындағы зиратқа әкеліп жерледі. Зиратттың басына жауынгерге арналған ескерткіш белгі орнатылды.  Ұлы Отан соғысында миллиондаған адам қаза тапты, көптеген жауынгерлер хабарсыз кетті. Сол хабарсыз кеткендердің бірі Сабыр Жұмин болатын, енді оның рухы туған жеріне, еліне келіп тыныстады. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz