• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
15 Мамыр, 2015

Қостанайда департамент қызметкері ұрыны оқиға үстінде ұстап алды

280 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 15 мамыр. Қостанай облыстық мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкері өз үйіне түскен ұрыны оқиға үстінде ұстап алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған департаменттің тергеу бөлімінің басшысы Владимир Фаякиннің пәтерін тонамақшы болған ұры пәтер иесінің қолына түсті. Пәтер күзет желісімен қамтамасыз етілген болатын. Ұры  пәтердің есігін бұзбақшы болғанда  иесіне «Сіздің үйге бөтен біреу кіріп жатыр» деген SMS келеді. Фанякин дереу үйіне жетеді, ол ұрыны көрісімен «шақырылмаған қонақты» ұстауға тырысады. Ұрының қашып кетуге тырысқан әрекетінен ештеңе шықпайды, ол 400 метрге жүгірмей-ақ, оны Фанякин қуып жетіп, желкесінен ұстап алып келеді. Полицияға хабарлап, қара ниетін жүзеге асырып үлгермеген ұрыны  алып кетеді. Ұры 1984 жылы туған, бұрын сотталған, Қостанай қаласының тұрғыны болып шықты. Ол осыдан бұрын жеті рет ұрлық жасағанын да мойындауға мәжбүр болды. Қазір ол қаладан шықпау  туралы қолхатпен жүр. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: ng.kz