• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
15 Мамыр, 2015

Баянауылда мемлекеттік қызметкерлер парамен ұсталды

232 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 15 мамыр. Облыс бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Болат Рахметов пен аталмыш парктің бөлім басшысы Қасымтай Имановтың тұтқындалғанын растады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Екібастұз-Баянауыл ауданаралық басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары өткізген жасырын шараларының нәтижесінде мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Болат Рахметов пен аталмыш парктің бөлім басшысы Қасымтай Иманов 500 мың теңге көлемінде пара алу үстінде тұтқындалды. Олар жер учаскесін жалға бермекші болып, ақша талап еткен көрінеді.  Қазір бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz