• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Маусым, 2015

Орталық басшысымен орайлы әңгіме

245 рет
көрсетілді

Кеше Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев БҰҰ-ның жақында тағайындалған арнайы өкілі – БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивті дипломатиясы жөніндегі Өңірлік орталығының (UNRCCA) басшысы Петко Драгановпен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның БҰҰ-ның халықаралық қауіп­сіздік пен даму проблемалары саласындағы аса өткір қа­терлерді шешуде оның далалық мис­сияларының, қорлары мен бағ­дарламаларының жетекші рөлін мойындайтынын атап өтті. «Қа­зақстанның ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы айтарлықтай дең­гейде оңтайлы сыртқы ортаның, бірінші кезекте, Орталық Азияда болуына тәуелді. Осымен байланысты Қазақстан Орталық Азия­ның саяси тұрақты, экономикалық орнықты және қауіпсіз дамуына мүдделі», – деп атап көрсетті Премьер-Министрдің бірінші орынбасары. Өңірдегі мемлекетаралық қарым-қатынаста  шетін мәсе­лелердің бірі су-энергетикалық ресурстар болып табылады. Оны бөлудің теңгерімсіздігі Ор­та­лық Азия елдеріндегі ауыл шаруа­шылығының дамуына теріс ықпал етіп отыр және өңірдегі эко­­логиялық-мелиоративтік ахуал­дың нашарлауына алып ке­луде. БҰҰ мен оның құры­лым­дары­ның, оның ішінде UNRCCА-ның Орталық Азия елдерінің ішінде трансшекаралық суларды бірлесіп пайдалану мен сақтау саласында халықаралық құқық қағидаттары негізіндегі үнқатысуды сақтауы маңызды рөл атқарады. «Қа­зақ­стан Орталықтың Арал теңізі бассейнінің су ресурстарын транс­шекаралық басқару үшін нор­мативтік-құқықтық базаны жаңғырту бойынша күш-жіге­рін, сондай-ақ, ортақ су ре­сурстарының беделді халық­аралық сарапшыларды тарта отырып әділетті және сындарлы тепе-теңдігіне қол жеткізу мен қолдау жөніндегі күш-жігерді жоғары бағалайды», – деді Ба­қыт­жан Сағынтаев. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Петко Драгановты UNRCCA-ның басшысы лауа­зымына тағайындалуымен құт­тықтап, оның бай кәсіби тәжіри­бесі Орталықтың алдында тұрған міндеттерді табысты орындауға мүмкіндік беретініне сенім біл­дірді.