Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Румыния Сыртқы істер министрлігі Стратегиялық мәселелер жөніндегі мемлекеттік хатшысы Даниэль Ионицамен кездесті.
И.Адырбеков Румыния Қазақстанның Шығыс Еуропа мен Балқандағы негізгі әріптесі екенін және біздің еліміздің парламенттік ынтымақтастықтағы үнқатысуды тереңдетуге баса назар аударып отырғанын атап өтті.
Тараптар кездесуде саяси және экономика салаларындағы екіжақты қатынастарды дамытудың келешегін де талқылады.
Д.Ионица екі ел арасындағы сауда-экономикалық, атап айтқанда, энергетика, машина жасау, металлургия, көлік және логистика, сондай-ақ, жеңіл өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқаны туралы айтты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.