Англия құрамасы Конго командасын 2:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды. Харри Кейн дубль авторы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz
Ойынның 7-минутында Конго Демократиялық Республикасының жартылай қорғаушысы Брайан Сипенга жақын бұрышты дәл көздеп, командасын алға шығарды.
75-минутта Англия шабуылшысы Харри Кейн баспен гол соғып, есепті теңестірді. Ал 86-минутта Кейн тағы бір мәрте мергендік танытып, дубль авторы атанды және командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша Англия әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті. Енді олар Мексика құрамасымен бақ сынайды. Ал конголықтар турнирдегі өнерін осымен аяқтады.
Әлем чемпионаты: Бүгін қай құрамалар ойнайды?