• RUB:
    6.13
  • USD:
    479.26
  • EUR:
    546.21
Басты сайтқа өту
Ата заң Бүгін, 08:15

Брайль қарпінде жарық көрді

Ұлттық кітапханада Брайль қарпімен басылған жаңа Конституция ­та­ныс­тырылды.

Бұл бастама зағип және ­нашар көретін азаматтардың Ата заңды оқуына мүмкіндік беріп, олардың құқықтарын қорғауға және қоғам өміріне белсенді араласуына ықпал етеді.

Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігінің ­өкіл­дері, заң саласының ­мамандары мен осы бағытта жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдардың жетек­шілері қатысты.

Жиын барысында қатысу­шылар Брайль қарпінде жарық көрген Конституцияның ­маңы­­зына тоқталып, Ата заңның ­бар­шаға бірдей қолжетімді ­болуы қоғамдағы теңдік пен әділет қағидаттарын нығайтатынын атап өтті.

Алдағы уақытта Брайль қар­пімен басылған Консти­­ту­ция­ның даналары өңірлердегі ­арнайы кітапханалар мен зағип және нашар көретін азаматтарға қызмет көрсететін мекемелерге жолданады.