• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Шілде, 2010

ӘСКЕРИ СЕССИЯ

471 рет
көрсетілді

Осы күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті әскери кафедрасының оқу-жаттығу жиындары өтуде. Оған студенттердің әскери біліктілігін арттыру мақсатында 500 әлеуетті сержант қатысуда. Алғашқы күннен бастап жиынның жауапкершілігін сезінген студенттер бір ауыздан әскери кафедра бас­ты­ғы Р.Мұздыбаев бастаған офицерлердің бұйрық­та­рын бұлжытпай орындап ерекше тәртіптілігімен көзге түсуде. Қазіргі кезде осы оқу орны Қорғаныс мини­с­­тр­­лігінің кешенді тексерістерінің қорытындысы бойынша ең үздік әскери кафедра атануда. Әскери оқу-жаттығу жиыны барысында студентттер “Іле” әскери сынақ алаңында Калашников автоматын меңгеріп, өз мергендіктерін шыңдап қайтты. Осы жылғы жиынның тағы бір ерекшелігі, 1998 жылдан бері жалғасын таппай келе жатқан үрдіс орындалды. Сту­денттер ЗУ-23-2 зенитті қондырғысынан ату мүмкін­дігіне ие болды. Сонымен бірге биыл студенттер жиын кезінде өзара спорттық ойындар өткізіп, араларынан мықты деген взводтарды анықтап жатты. Жақында студенттер әскери ант қабылдау рәсімін өткізді. Ал жиынның ең соңғы 18 шілде күні кур­санттар емтихан тапсырып, барлық оқу жылында алған білімдерін сарапқа салады. Барлық талаптар мен сын­дардан мүдірмей өткен курсант жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін сержант атағына ие болады. Егерде студент диплом алып, әскери іс-тәжірибеден өтетін болса, оған лейтенант атағын алу мүмкіндігі қарастырылған. Жалпы, оқу жылының 3 жылында әскери кафедра­да 450 сағат білім алған студент еліміздің са Нұрсұлтан ҚҰРМАНОВ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті. палы білікті маман болатындығына сенім мол.