• RUB:
    6.11
  • USD:
    472.03
  • EUR:
    540.29
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 10:37

Алматыдағы отбасылық жанжалдың соңы адам өлімімен аяқталды

Алматыда отбасылық жанжал кезінде ер адам қаза тапты. Күдікті ретінде оның өгей ұлы ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті өзінің Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ведомствоның мәліметінше, алдыңғы түні сағат үштің шамасында 102 арнасына Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесіндегі жанжал туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы барған.

Павлодарда жасөспірімдер зират күзетшісін 10 жерден пышақтап кетті

Зардап шеккен ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады. Пышақ жарақатының көптігі мен біраз мөлшерде қан жоғалту салдарынан 59 жастағы ер адам қайтыс болды.

«Алмалы аудандық полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол қаза болған адамның 34 жастағы өгей баласы болып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша отбасылық жанжал кезінде ол ер адамға ас үй пышағымен бірнеше рет соққы жасаған. Оқиғаның бір нұсқасы бойынша күдікті жанжалдың анасына қатысты келіспеушіліктен кейін туындағанын айтқан. Бұл мән-жайлар тергеу барысында жан-жақты тексеріледі», делінген хабарламада.

Алматыда ер адамның сөмкесінен пышақ пен граната табылды

Тұрмыстық жанжал салдарынан болған адам өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция мәліметінше, оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бірнеше рет пышақ сұққан: Алматыда 12 жастағы жасөспірім қаза тапты

Соңғы жаңалықтар