• RUB:
    6.11
  • USD:
    472.03
  • EUR:
    540.29
Басты сайтқа өту
Денсаулық Бүгін, 11:16

Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина бедеулікке әкеле ме?

Маңғыстау облысында адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациямен қанша қыз бала қамтылғаны белгілі болды. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Күркінбаева Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинация 6 ай аралықпен екі рет жүргізілетінін айтты. Вакцина 0,5 мл мөлшерінде иық бұлшықетіне салынады, деп жазады Egemen.kz.

Спикер антиваксерлер арасында тараған «вакцина бедеулікке әкеледі» деген пікірдің қате екенін тағы да түсіндірді.

Вакцина алғаннан кейін екпе салынған жерде ауырсыну, қызару немесе ісіну, бас ауруы және дене қызуының көтерілуі сияқты жеңіл жанама әсерлер болуы мүмкін. Алайда АПВ-ға қарсы вакцина әйелдердің репродуктивті денсаулығына әсер етпейтіні және бедеулікке әкелмейтіні маңызды. Бұл деректер әлемнің дамыған елдерінде жүргізілген көпжылдық зерттеулермен дәлелденген.

Қызылордада 7 мың адам АПВ екпесін алды

Биыл Маңғыстау облысына адам папиллома вирусына қарсы 17 062 доза вакцина бөлінді. Адам папилломасы вирусының 6, 11, 16 және 18 түрлерінен қорғайтын «Гардасил-4» вакцинасы АҚШ пен Ұлыбританиядан арнайы тапсырыс арқылы сатып алынады.

«Жыл басынан бері біздің өңірде адам папилломасы вирусына қарсы вакцинацияның бірінші кезеңін шамамен 2 000 адам алды, ал екінші кезеңнен 1 100-ден астам адам өтті», деді Гүлнар Күркінбаева.

Брифинг барысында Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінің онкогинеколог маманы Акерке Илес 2024 жылдың 30 қыркүйегінен 2025 жылдың 22 мамырына дейін адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация жүргізілгенін айтты.

11 жастағы 6 797 қыз баланың 3 016-сы бірінші екпені алды. 12 жастағы 6 303 қыз баланың 2 257-сі бірінші вакцинациядан өтті. Ал 13 жастағы 5 732 қыз баланың 2 137-сі бірінші екпе алды.

Қазақстанда қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау басталды

Екінші екпе бойынша:

11 жастағы 362 қыз бала вакцинацияланды; 12 жастағы қыздардың 758-і екпе алды; 13 жастағы қыздардың 992-сі вакцинациядан өтті.

Жалпы екінші дозамен 2112 қыз бала қамтылды.

«Екпеден кейін ешқандай жанама әсер тіркелген жоқ», деді Акерке Илес.

Соңғы жаңалықтар