• RUB:
    6.11
  • USD:
    472.03
  • EUR:
    540.29
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 11:08

Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасындағы арнайы операция кезінде атыс болды

5 шілде күні кешке Қырғызстанның Баткен облысындағы екі бақылау-өткізу бекетінде күштік құрылымдардың арнайы операциясы кезінде атыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, шекара, кеден және ветеринариялық қызметтің бірқатар қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәліметтерге сүйенсек, шамамен сағат 19:00-де Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) қызметкерлері «Альфа» арнайы жасағымен бірлесіп, Өзбекстанмен шекарада орналасқан «Қадамжай-автожол» және «Чечме-автожол» бақылау-өткізу бекеттерінде күдіктілерді ұстау операциясын бастаған.

«Қадамжай-автожол» бекетінің шлагбаумы маңында кезекшілікте тұрған прапорщик 4 рет оқ атқан. Тағы бір әскери қызметкер ескерту ретінде аспанға оқ атқан. Қарудың қандай жағдайда қолданылғаны анықталып жатыр.

Тінту кезінде шекара қызметкерлерінен 38,5 мың қырғыз сомы, 5,6 миллионнан астам өзбек сомы, сондай-ақ қызметтік автокөліктен ақша табылған. Ал кеден қызметкерлерінен 100 мың қырғыз сомы мен доллар (нақты сомасы жарияланбаған) тәркіленген.

«Чечме-автожол» бекетінің қызметкерлері заңсыз ақша алу кезінде бейнебақылау камераларына түсіп қалған болуы мүмкін.

Жалпы ҰҚМК басқармасына 27 әскери қызметкер жеткізілген. Оның ішінде 16 адам – «Қадамжай-автожол» бекетінен, ал 11 адам – «Чечме-автожол» бекетінен. Сондай-ақ екі АК-74 автоматы, екі оқжатар және 60 оқ тәркіленген.

Тергеу амалдары жүргізілген уақытта екі бақылау-өткізу бекетінің жұмысы уақытша тоқтатылды. Кейінірек «Қадамжай-автожол» бекеті арқылы қозғалыс қайта жанданды.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанның ҰҚМК-ның бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиевке билікті күшпен басып алуға қатысты бап бойынша үкім шығарылған болатын. Қамшыбек Тәшиев Қырғыз Республикасының министрлер кабинеті төрағасының орынбасары және Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметтерінен босатылған еді.

Соңғы жаңалықтар